Ильхам Әлиев Әзірбайжанда 26 желтоқсанды қаралы күн деп жариялады.
Еуразия Тудейдің Азертадж ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша 25 желтоқсанда Баку-Грозный рейсін орындаған Embraer 190 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Әзірбайжанда 26 желтоқсанда қаралы күн жарияланды.
Тиісті бұйрыққа Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев қол қойды.
Бүгін, желтоқсанның 25 күні Қазақстанның батысындағы Ақтау қаласының маңында «Баку-Грозный» бағытындағы Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі Embraer 190 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.


















