Армения қарулы күштерінің бөлімшелері Әзірбайжан армиясының позицияларына тағы оқ жаудырды.
Еуразия Тудейдің Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Армения қарулы күштерінің бөлімшелері Нахчыван автономиялық республикасының Садарак ауданы бағытында орналасқан Әзірбайжан армиясының позицияларына атыс қаруынан оқ жаудырды.
Осы мәліметке сәйкес атыс оқиғасы 16 тамызда жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 03:20-да болған. Әзірбайжан армиясының бөлімдері осы бағытта адекватты шара қабылдаған.
Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі мұның алдында да, яғни 15 тамызда шамамен сағат 18:10-да Армения қарулы күштерінің бөлімшелері Нахчыван автономиялық республикасының Ордубад облысының Ханза елді мекені бағытында орналасқан Әзірбайжан армиясының позицияларына атыс қаруынан оқ жаудырғанын хабарлады.


















