Әзірбайжан Президенті Илһам Алиев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен мемлекеттік сапармен Ташкентке барады.
Еуразия Тудейдің Шавкат Мирзиеевтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Әзірбайжан Президенті Илһам Алиев Өзбекстанда тамыздың 22-23 күндері болады.
Сапар барысында Ташкент қаласында Өзбекстан мен Әзірбайжан басшыларының төрағалығымен жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.
Сонымен қатар Алиев Мемлекетаралық Жоғарғы кеңестің бірінші отырысына қатысады.
Саммиттің күн тәртібіне Өзбекстан мен Әзірбайжан арасындағы стратегиялық әріптестік пен көпқырлы ынтымақтастық қарым-қатынасты одан әрі тереңдету және кеңейту мәселелері енгізілген.
Сонымен қатар тараптар өзара тауар айналымын ұлғайту, ынтымақтастық жобаларының жаңа портфелін қалыптастыру, іскерлік байланысты, соның ішінде өңіраралық алмасуды дамыту, көлік-коммуникациялық әлеуетті жүзеге асыру, мәдени-гуманитарлық байланысты жандандыру сынды басқа да мәселелерді талқылайды.
Сондай-ақ, президенттер екі елдің бизнес өкілдерімен бірлескен кездесу өткізіп, іскерлік және мәдени бірқатар іс-шараға қатысады.



















