Әзірбайжан Үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына 2024–2025 оқу жылына келесі бағдарламалар бойынша 10 оқу грантын ұсынды.
Еуразия Тудейдің «Болашақ» бағдарламасының сайтындағы мәліметке сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Әзірбайжан Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Әзірбайжан Үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына 2024–2025 оқу жылына 10 оқу грантын ұсынды.
Оқу гранттары негізінде бакалавриат бағдарламасы бойынша 5 орын, магистратура бағдарламасы бойынша 5 орын бөлінген. Оқу әзірбайжан немесе ағылшын тілдерінде өтеді.
Оқыту тілі немесе мамандығы бойынша тиісті білімі бар студенттер үшін дайындық жұмыстары ұйымдастырылады. 6 айдан бір жылға дейінгі курстардың ұзақтығы жоғары оқу орны тарапынан анықталады. Үміткерлер өз қалауы бойынша 3 университет және мамандық таңдай алады. Грантқа тегін оқу, ай сайынғы стипендия, медициналық сақтандыру кіреді. Басқа шығындарды, соның ішінде жол ақы шығындарын, грант иесі өзі өтейді.

















