«Air Astana» әуекомпаниясы Алматы – Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашады.
Еуразия Тудейдің Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша «Air Astana» әуекомпаниясы туризмді дамыту мақсатында биылғы жылдың 20 сәуірінен бастап Алматы – Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашады.
Рейстер аптасына үш рет Airbus ұшақтарында орындалады. Осылайша, елдер арасындағы жолаушылар рейсі 3 әуе компаниясының 4 әуе бағыты бойынша аптасына 21-ге дейін артады.
Қазіргі уақытта Air Astana және IndiGo әуе компаниялары Алматы – Дели бағытында аптасына 7 рейс орындайды.
Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.













