2023 жылғы 21 қазанда Алматыда Halyk Банкі мен Damu қорының қаржылай қолдауымен Құлжа трактісінде көлемі 150 мың шаршы метр Алматыдағы екінші lifestyle Aport East моллының салтанатты ашылуы өтеді.
Жоба қазақстандық Eurasia RED девелоперлік компаниясына тиесілі.
Моллда Қазақстандағы ең ауқымды кинотеатр — IMAX залы бар Kinoplexx 16 IMAX Halyk Bank орналасқан, оның экраны ТМД-дағы ең үлкен экран (Экран ауданы 377 м2), 16 залы және ауданы 10 000 шаршы метр.
Мейрамханалар мен кафелердің 45 тұжырымдамасы бар ең ірі фудкорт, сондай-ақ Қазақстан үшін ауданы 4395 шаршы метр жаңа «супер» форматтағы Magnum супермаркеті орналасқан.
Моллда Орталық Азиядағы ең үлкен Funky Planet отбасылық ойын-сауық паркі ашылады. Бұл орталық елімізде алғаш рет ашылғалы тұр. Онда 7 000 ш.м. алаңда барлық жастағы балаларға арналған ең танымал және бірегей ойын-сауық түрлері жинақталған.
Aport mall-дың басқарушысы Тимур Мұхамеджановтың сөзінше, моллда 5000-нан астам жұмыс орны құрылған. Сауда орталығы 30 минуттық көлікке қол жетімділік радиусында шамамен 1 миллион адамға қызмет көрсетеді.
Сондай-ақ моллда Қазақстан үшін алғаш рет жаңа брендтер мен дүкендер ашылады.
«2024 жылдың 1 маусымында 30.000 шаршы метрден тұратын, жаңа Sanremo Resort&Spa аквапаркі бар Aport East сауда орталығының 2-ші кезегі іске қосылады, онда бір реттік кіруде 4300 қонақты қабылдай алады. SPA аймағының жалпы ауданы 2500 шаршы метр болады»,-дейді Aport mall-дың басқарушысы.



















