Америка Иран халқына қатынасын өзгертпейінше, Тегеран Вашингтонмен тікелей келіссөз бастамайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша бұл туралы Иран СІМ Аббас Арақчи Қызыл Жарты Ай комитетінің наурыздық штабында тілшілерге берген сұхбатында мәлімдеді.
Арақчи: “Жасалып жатқан барынша қысым және қоқан-лоққы жағдайында Иран ислам Республикасының Америкамен тікелей келіссөзге енбейтіні сөзсіз. Біздің бұл айқын саясатымыз қарсы тараптың Иран халқына қатынасы өзгергенше жалғасады. Қазіргі перспектива мынадай: күн сайын тағылып жатқан айыптар мен қойылып жатқан қисынсыз талаптармен біз Америка тарапымен ешқандай тікелей келіссөз бастамаймыз. Әрине, жанама келіссөздер үшін жол ашық. Оны әр түрлі арналар арқылы жүзеге асыратын мүмкіндік бар. Біздің мақсатымыз бен миссиямыз — ұлттық мүдде мен мемлекет пен халықтың ұлттық қауіпсіздігін жүзеге асыру. Осы тұрғыда ешбір мүмкіндікті жібермейміз”, — деді.
Айта кетейік, БАӘ президентінің дипломатиялық кеңесшісі Анвар Қарқаш наурыздың он үші күні Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчиге АҚШ Президенті Дональд Трамптың Ислам Республикасының діни жетекшісі аятолла Әли Хаменеиге жолдаған хатын тапсырды.
Иран СІМ Аббас Арақчи Наурыз мерекесі қарсаңында берген сұхбаттарының бірінде Америка Президентінің хатына жауап тиісті тексеріс жасалғаннан кейін алдағы күндері қайтарылатынын, хаттың көбінесе қоқан-лоққы сипатқа ие екенін айтқан болатын.













