Сионистік режимнің Газа секторына жасап жатқан үздіксіз шабуылдары салдарынан қаза болған палестиналық журналистердің саны 208 адамға жетті.
Еуразия Тудейдің Газа секторындағы Денсаулық сақтау дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша осы аймақта тағы бір журналист қаза тапты.
Осы дереккөзінің мәліметі бойынша сионистік режим соғыскерлерінің Газа секторына шабуылында палестиналық журналист Хессам Шабат шәһид болды.
Палестинаның ресми ақпарат тарататын орталығы Хессам Шабаттың шәһид болуымен сионистік режимнің Газа секторына үздіксіз шабуылдарында қаза тапқан журналистердің саны 208 адамға жеткенін хабарлады.
Орталық басқыншылардың қылмыстарын айыптап, басқыншылар мен Америка Үкіметін және геноцидке қатысты басқа да елдерді осы жабайы қылмыстарға толығымен жауапты деп атады.
Палестина мемлекеттік ақпарат орталығы халықаралық қауымдастық пен халықаралық ұйымдарды және әлемдегі ақпарат құралдары мен ақпарат саласына қатысты басқа да мекемелерді басқыншылардың қылмыстарын айыптап, халықаралық соттарда жауапқа тартуға шақырды.


















