Кеше Анкара қаласының орталығында Түркияның Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында жарылыс болды.
Жексенбі күні таңертең белгісіз жанкешті Анкара орталығында Ішкі істер министрлігі ғимараты алдында өзін жарды. Түркия Ішкі істер министрінің хабарлауынша, жанкешті жарылыс кезінде көз жұмған, оның жанындағы адамды полицейлер атып өлтірген. Министр оқиғаны теракт ретінде сипаттады.
Түркия Ішкі істер министрі Әли Ерликай X-тегі парақшасында атыс кезінде екі полицейдің жеңіл жарақаттанғандығы туралы жазды.
Түркия ІІМ ғимараты маңына түрік парламенті жақын орналасқан. 1 қазанда онда жазғы демалыстан кейін парламенттің алғашқы отырысы өтуге тиіс болған. Кей болжамға қарағанда, жанкештілер парламент сессиясы басталмай тұрып, депутаттар ғимаратқа жиналған кезде жарылыс жасамақ болған.



















