Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттік АҚШ-ның сыртқы саясатының құралына айналды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы ТМД елдері институтының сарапшысы Владимир Евсеев ИРНА агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Сарапшы: “Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттігінің Басқарушылар кеңесі Ираннан Агенттікке байытылған уран қоры мен шабуылға ұшыраған ядролық нысандар туралы дереу мәлімет беруді талап ететін қарар қабылдады. Бұл Америка Құрама Штаттарына, сондай-ақ Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қоймаған Израиль режиміне тиімді екені анық”, -деді.
Сарапшы мұндай қарарды қабылдау Батыс елдері және олардың одақтастарының Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттігі Басқарушылар кеңесінде басымдыққа ие болуымен ғана мүмкін болғанын атап айтты.
Владимир Евсеев: “Мохаммед әл-Барадеи заманынан бері Агенттіктің барлық Бас директорлары Америка Құрама Штаттары сыртқы саясатының құралы ретінде әрекет етті”, — деді.
Евсеев бүгінде халықаралық ұйымдардың көпшілігінің Вашингтонның бақылауында екенін өкінішпен айтып, Иранға қарсы қарар ұсынған Ұлыбритания, Германия және Францияның Трамп әкімшілігінің Иранға қарсы саясатының бір бөлігі ретінде әрекет ететінін баса айтты.

















