Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Гросси осы аптада Тегеранға барады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, АҚХА бас директоры Рафаэль Гросси осы аптада Тегеран мен Вашингтон арасындағы келіссөздердің екінші кезеңі қарсаңында Тегеранға барады.
Axios басылымының мәлімдеуінше, Гросси сапар барысында АҚХА-нің Иранның ядролық нысандарын бақылау және тексеру жөніндегі қызметін талқылайды.
Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бақайи 7 сәуір күні АҚХА бас директоры Рафаэль Гроссидің келіссөздер мен кеңесулер өткізу үшін Иранға келуді жоспарлап отырғанын растады.
Иран СІМ өкілі бұл сапардың Иранның АҚХА-мен тұрақты ынтымақтастығының бір бөлігі әрі кепілдіктерге қатысты шешілмеген бірқатар мәселемен байланысты екенін айтты.
Сондай-ақ, Исмаил Бақайи Иранның АҚШ пен Израиль режимінің бейбіт мақсаттағы ядролық нысандарына төндіріп отырған қауіп-қатері жағдайында АҚХА-нен өзінің заңды міндеттемелерін орындауын күтетінін айтты.
Бақайи бұл тақырыптар Гроссидің Тегеранға сапары кезінде талқыланатынын айтып: “АҚХА 533 Қарар мен басқа да халықаралық құқықтық нормаларға сәйкес нақты ұстанымын мәлімдеп, мұндай қауіптерді айыптауға міндетті”, — деді.
Мұның алдында Иран Сыртқы істер министрлігі СІМ басшысы Аббас Арақчидің АҚХА бас директорымен телефон арқылы сөйлесіп, Гроссидің Тегеранға сапары туралы келісімге келгенін хабарлады.


















