АҚШ Қаржы министрлігі Иран мұнайын өндіруге, жеткізуге және сатуға рұқсат беретін 60 күндік мерзімге уақытша лицензия берді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент мәлімдеді.
Бессент: «Швейцариядағы нәтижелі келіссөздерге сәйкес, Иран Ормұз бұғазында еркін және ашық транзитті қамтамасыз етуге және Атом Қуаты жөніндегі халықаралық агенттігінің инспекторларына өз еліне кіруге рұқсат беруге міндеттелді», – деп жазды.
Лицензия АҚШ пен Иранның 18 маусым күні қол қойған өзара түсіністік туралы меморандумының нәтижесінде берілді.
Құжат мәтініне сәйкес, Қаржы министрлігі оған қол қойылғаннан кейін Иран мұнайын, мұнай өнімдерін және оған қатысты қызметтерді экспорттауға рұқсат беруге міндетті.
Бұған дейін Иран мұнайы АҚШ санкцияларынан қысым көрді.
2026 жылдың наурыз айында Иранға қарсы АҚШ пен Израиль соғысы аясында Қаржы министрлігі барреліне 100 доллардан асып кеткен бағаны түсіру үшін кемелердегі ирандық мұнайды сатуға 30 күндік уақытша лицензия берген болатын.
Айта кетейік, АҚШ пен Иран соғысты тоқтату және Ормұз бұғазын ашу туралы меморандумға қол қойды. Қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум 14 тармақтан тұрады. Құжат аясында барлық майданда, соның ішінде Ливанда да атысты тоқтату режимі дереу күшіне енеді.
Сонымен қатар алдағы 60 күн ішінде Ормұз бұғазын шектеусіз ашу және Иранның теңіз блокадасын кезең-кезеңімен алып тастау көзделген.


















