Eurasiatoday
Пятница, 27 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Арақчи: Алдағы оқиғалар Ресеймен қарым-қатынасқа әсер етпейді

  • Басты жаңалықтар, Батыс Азия, Россия, Саясат
  • 19 апреля, 2025 10:44

Loading

Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи алдағы оқиғалардың Тегеран мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынасқа әсер етпейтінін айтты.

Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Аббас Арақчи жұма, 18 сәуір күні екі елдің дипломатиялық делегациялары арасындағы келіссөздер қорытындысы бойынша Сергей Лавровпен Ресей Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында өткен бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Иран СІМ басшысы: “Екі ел арасындағы қарым-қатынас дұрыс бағытта дамып келеді. Біз дұрыс бағытта жүріп, екіжақты консультацияларды тұрақты түрде өткізіп келеміз”, -деді.

Тақырыпқа орай:

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

23.11.2026

Сонымен қатар, Арақчи жұма күнгі келіссөздерде ресейлік әріптесімен маңызды мәселелерді талқылағанына тоқталып: “Жан-жақты стратегиялық әріптестік келісіміне қол қойылғаннан кейін екі ел арасындағы қарым-қатынас бүгінде стратегиялық деңгейге көтеріліп, ұзақ мерзімді перспективаға ие болды. Алдағы оқиғалар Иран мен Ресей арасындағы қарым-қатынасқа әсер етпейді”, -деді.

Иран Сыртқы істер министрі сенбі, 19 сәуірде өтетін Иран мен АҚШ арасындағы жанама келіссөздердің екінші кезеңі туралы қойылған сұраққа: “Біз америкалық тараптың уәждеріне қатты күмәнданамыз. Бірақ, біз ертеңгі келіссөздерге толық байыптылықпен және табандылықпен қатысамыз.

Біз Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасын бейбіт жолмен шешуге толық дайынбыз. Егер қарсы тарапта да осындай ерік-жігер болса және негізсіз, шындыққа жанаспайтын талаптары болмаса, менің ойымша, келісімге келуге болады”,-деп жауап берді.

Арақчи Лавровпен ядролық мәселелер бойынша пікір алмасқанына тоқталып: “Біз ядролық мәселелер және АҚШ-пен келіссөздер туралы егжей-тегжейлі әңгімелестік. Ресейдің ядролық келісімдегі рөліне және оның бұрын да маңызды рөл атқарғанына қуаныштымыз. Ресей кез келген жаңа келісімде де өзінің қолдаушы рөлін жалғастырады деп үміттенеміз. Біз Ресейдегі және Қытайдағы достарымызды оқиғалар туралы үнемі хабардар етіп отырамыз және олардың сындарлы пікірлері осы жолды жалғастыруға көмектесетініне сенімдімін”,-деді.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров та баспасөз мәслихатында елінің Иранмен ядролық келісімге қатысты ортақ ұстанымы бар екенін айтып: “АҚШ-тың 2018 жылы ядролық келісімді бұзуы процестерге кері әсерін тигізді. Дегенмен, біз қазір Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздерді қолдаймыз. Мәскеу Иранның ядролық мәселелеріне қатысты сұрақтарды шешуге күш салуға көмектеседі”, -деді.

Лавров Тегеран мен Вашингтонның Иранның ядролық бағдарламасы бойынша нақты келісімдерге қол жеткізуге ұмтылысын құптайтынын айтып: “Иран мен АҚШ арасындағы Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерде Тегеранның заңды мүдделері ескерілуі керек”- деді.

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: Аббас Арақчибаспасөз мәслихатыиранКеліссөзРесейСергей Лавров
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

23.11.2026
Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

23.11.2026
Ташкенттің Иранға қатысты ұстанымы және Мирзиёеваның АҚШ кемесіне сапары

Ташкенттің Иранға қатысты ұстанымы және Мирзиёеваның АҚШ кемесіне сапары

23.11.2026
Иран АҚШ-тың 20-шы ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

Иран АҚШ-тың 20-шы ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

23.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Қытай Иранға қатысты біржақты санкцияларды дереу жоюға шақырды

Қытай Иранға қатысты біржақты санкцияларды дереу жоюға шақырды

19.11.2026
Иран мен Армения энергетикалық әріптестік пен шекарадағы жүк тасымалын арттырмақ

Иран мен Армения энергетикалық әріптестік пен шекарадағы жүк тасымалын арттырмақ

19.11.2026
Иран СІМ: Израиль медиасы Батыс қоғамын үрейлендіру үшін жалған ақпарат таратуда

Иран СІМ: Израиль медиасы Батыс қоғамын үрейлендіру үшін жалған ақпарат таратуда

17.11.2026
Иран америкалық ұшқышсыз ұшу аппаратын қолға түсірді

Иран америкалық ұшқышсыз ұшу аппаратын қолға түсірді

17.11.2026

Басты жаңалықтар

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

26.11.2026
Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

25.11.2026
Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

25.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

24.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Иран жаңа күн электр станцияларын іске қосады

Иран жаңа күн электр станцияларын іске қосады

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.