Иран СІМ басшысы Аббас Арақчи Газада атысты тоқтатудың өзіндік қиындықтары мен кедергілері болғанымен, ілгерілеушілікке де үміт барын айтты.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы Аббас Арақчи ХАМАС саяси кеңесінің басшысы Мохаммед Исмаил Дарвишпен және ХАМАС қозғалысы Саяси бюросының мүшелерімен кездесуінен кейін тілшілерге мәлімдеді.
Иран СІМ басшысы: “Көтерілген мәселелердің арасында аймақтың, атап айтқанда, Газа секторына қатысты мәселелер, Газа секторындағы соңғы жағдай мен атысты тоқтату туралы келіссөздер болды”, — деді.
Арақчи Газа секторында атысты тоқтату мүмкіндігіне тоқталып: “Біз бұл туралы айттық. Газа секторындағы атысты тоқтатудың өзіндік қиындықтары бар. Ілгерілеушілікке де үміт болғанымен, кедергілер бар”,- деп баса айтты.
Айта кетейік, ХАМАС саяси кеңесінің басшысы Мохаммед Исмаил Дарвиш және ХАМАС қозғалысының Саяси бюросының мүшелері сенбі күні Дохада Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчимен кездесіп, кеңесті.



















