Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Израильдің Иранның Тегерандағы мемлекеттік телеарнасының кеңсесіне жасаған шабуылын олардың үмітсіздікке түскенінің белгісі деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Аббас Арақчи Израильдің Иранның Тегерандағы мемлекеттік телеарнасының кеңсесіне жасаған шабуылынан кейін мәлімдеме жасап, сионистік режимнің нақты ұрыс даласында табысқа жете алмай шындықты айтатын азаматтық нысанға шабуыл жасауын олардың қорқақтығын көрсететінін баса айтты.
Сейед Аббас Арақчи Израильдің Иран халқының төзімділігін жете бағаламай, қолбасшыларды өлтіру, нысандарға шабуыл жасау арқылы Ислам Республикасын әлсіретеміз деп ойлап, қателесетінін мәлімдеді.
Иран СІМ басшысы: “Қарсыластарымыз әскери соққы арқылы шешімге келе алмайтындарын және талаптарын мәжбүрлеу арқылы Иран халқына қабылдата алмайтынын түсінуі керек”, — деді.
Израиль Қорғаныс күштері 16 маусым күні Иранның мемлекеттік телеарнасының басты ғимаратына әуе шабуылын жасады. Шабуыл салдарынан ғимарат зақымданды.


















