Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи уран байытуды принципті мәселе деп атап, оның ирандық ғалымдардың маңызды ғылыми жетістігі екенін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Аббас Арақчи Аш-Шарқ телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Иран СІМ басшысы Аббас Арақчи Иранға қарсы Snapback механизмін белсенді етуге қоқан-лоққы жасаудың заңды да, саяси да негізі жоқ екенін әрі бұл қате қадам екенін баса айтты.
Иран Сыртқы істер министрінің айтуынша, Еуропа елдері мұндай әрекеттері үшін зардап шегуге дайын болуы керек.
Арақчи: “Біз уран байыту бағдарламасына байланысты жылдар бойы санкцияға ұшырадық. Иран халқы ауыр азапқа ұшырап, осы бағдарламаға қатысқан ғалымдарымыз да құрбан болды. Қаза тапқандардың қаны осы жолда мәңгі қалады. Біз бұл жолдан таймаймыз”, — деді.
Сондай-ақ, Аббас Арақчи сөзінің жалғасында қазіргі жағдай Иранның кінәсінен емес, АҚШ-тың “Ортақ қадам” жан-жақты бағдарламасынан шығып, Еуропа елдерінің оның орнын толтыра алмауы салдарынан туындағанын баса айтты.
Иран СІМ Еуропаның Snapback механизмін белсенді ету мүмкіндігі мүлдем қисынсыз әрі заңсыз қадам екенін, оның салдарын Еуропа елдері өз мойнына алуы керек екенін айтты.


















