Иранның Арас еркін экономикалық аймағы алдағы жылдары Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының туризм астанасы болуы мүмкін.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) бас хатшысының орынбасары Жандос Асанов Арас еркін экономикалық аймағын ЭЫҰ туризм астанасы ретінде қарастыру тізіміне енгізілетінін мәлімдеді.
ЭЫҰ бас хатшысының орынбасары Арас аймағында ЮНЕСКО-да тіркелген алты нысанның болуын өте құнды деп атап, Арастың төрт елге – Әзірбайжанға, Түркияға, Арменияға және Нахчыван автономиялық Республикасына жақын орналасуы аймақтың стратегиялық тұрғыдан маңызды орналасқанын көрсететінін баса айтты.
ЭЫҰ Бас хатшысының орынбасары: «Біз бұл аймақта туристік ынтымақтастық пен коммуникацияларды кеңейткіміз келеді. Мен Арас еркін аймағын аймақтағы маңызды туристік орталықтардың бірі деп санаймын», — деді.

















