Иранның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі Амир Саид Иравани біржақты мәжбүрлеу шараларының күшеюі адам құқықтарын бұзатынын баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Елшісі және тұрақты өкілі Амир Саид Иравани біржақты мәжбүрлеу шаралары адам құқықтарын, соның ішінде даму құқығын және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын ашық түрде бұзатынын мәлімдеді.
Амир Саид Иравани: “Бұл заңсыз әрекеттер адам құқықтарын, соның ішінде даму құқығын бұзып, оның жүзеге асырылуына кедергі келтіреді. Салдарынан адам құқықтарының толық әрі жан-жақты жүзеге асырылуына кері әсер етеді”, -деді.
Иравани сөзінің жалғасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы біржақты мәжбүрлеу шараларының халықаралық қарым-қатынасқа, саудаға, инвестицияға және ынтымақтастыққа кері әсері жөнінде үнемі алаңдаушылық білдіретінін баса айтты.
Иранның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Елшісі және тұрақты өкілінің айтуынша, Бас Ассамблея мұндай заңсыз әрекеттерді ешқашан қабылдамайды және оларға қарсылық білдіреді.


















