Ереван Бакумен Вашингтонда үшжақты форматта кездесу өткізуге келісті.
Interfax агенттігінің мәліметі бойынша бұл туралы Армения Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы хабарлады.
Армен Григорян барлық тарап соңғы келісімге қол жеткізген кезде Арменияys4 кездесуге баруға дайын екенін айтты.
Армения Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы бұл мәселені Арменияға ресми сапармен келген АҚШ Мемлекеттік департаментінің Кавказдағы келіссөздер жөніндегі аға кеңесшісі Луис Бономен өткен кездесуде талқылады. Ол Ереванға Вашингтондағы келіссөздердің үшжақты форматта жалғасуын қамтамасыз ету мақсатында келді.
Армен Григорян Вашингтонда үшжақты форматтағы келіссөздер барысында Армения мен Әзірбайжан арасындағы бейбіт келісімге қол қою бойынша ілгерілеушілікке қол жеткізіледі деп үміттенеді.
Сонымен қатар, Луис Боно кеше, 9 қаңтарда Арменияның Ұлттық жиынының вице-спикері Рубен Рубинянмен де кездесіп, өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелерін талқылады. Тараптар Армения мен Түркия қарым-қатынасын қалыпқа келтіру процесі бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ, кездесуде Армения мен Әзірбайжан арасындағы бейбітшілік процесі талқыланды.



















