Ашхабад қаласындағы бейнелеу өнері мұражайында «Қоғам өміріндегі заманауи бейнелеу өнерінің рөлі» тақырыбында Иран мен Түркіменстан суретшілерінің бірлескен конференциясы өтті.
IRNA агенттігінің мәліметінше, конференцияға Түркіменстандағы Иран Ислам Республикасы Елшілігінің Мәдени өкілдігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Навид Расули, ирандық және түркімен суретшілері, өнер қайраткерлері мен екі елдің шығармашылық зиялыларының өкілдері қатысты.
Навид Расули конференцияда сөйлеген сөзінде Түркіменстан мен Иран суретшілерінің бірлескен конференциясы мен суретші әйелдер көрмесінің ұйымдастырылуы мен өткізілу деңгейін жоғары бағалады.
Ол сонымен қатар өнерді ұлттардың бір- біріне деген көзқарасының көрнекті мысалы ретінде сипаттап, Иран мен Түркіменстан әйелдерінің осындай мәдени іс-шараларды өткізу арқылы екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуда маңызды рөл атқара алуына сенім білдірді.


















