Өзбекстан азаматтары Қатар аумағына 30 күн ішінде визасыз кіре алатын елдер тізіміне енгізілді.
Қатар туризм басқармасының мәліметі бойынша, елге визасыз режим шарттары бойынша келген Өзбекстан азаматтарының кері қайту рейсінің билеті мен төлқұжат жарамдылығы сапардан қайта оралған сәтке дейін 6 айдан кем болмауы керек.
Ал, Қатар азаматтары үшін визасыз режим маусым айында Өзбекстанда енгізілді. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев 2023 жылғы маусым айында Қатар азаматтарына 30 күндік визасыз режим енгізу туралы жарлыққа қол қойған болатын.
Айта кетсек, тарихи тұрғыдан Қатар 1991 жылы 30 желтоқсанда Өзбекстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы араб мемлекеттерінің бірі болды.



















