Тәліптер әйелдерге Бамиан орталық провинциясында орналасқан Ауғанстандағы ең танымал ұлттық саябақтардың біріне баруына жол бермеу үшін қауіпсіздік күштерін қолданатынын мәлімдеді.
Ізгілікті насихаттау және күнәнің алдын алу министрінің міндетін атқарушы Мұхаммад Халед Ханафи әйелдерге белгілі туристік орын — Банд-э-Амир ұлттық саябағына баруға тыйым салу керегін мәлімдеді.
Мухаммад Халед Ханафи әйелдер хиджаб кию ережелерін сақтамайды деп санайды. «Бұл орынға бару әйелдерге міндетті емес», – дейді Ханафи.
Қазір бұл шектеу Халықаралық әйелдер құқығын қорғау ұйымдары тарапынан талқыға түскен.
Банд-э-Амир ұлттық саябағы- елдегі ең басты туристік орындардың бірі. Ол Ауғанстан орталығындағы Гиндукуш тауларында орналасқан және елдегі ең бірінші ұлттық саябақтардың бірі. 2009 жылы ашылған саябақ отбасылық демалыстың ең әйгілі орны.
![]()



















