Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан және Белуджистан провинциясындағы Сасули елді мекенінің маңында «Талибан» күштері мен Иран шекарашылары арасында қарулы қақтығыс болды. Бұл туралы Tasnim агенттігіне сілтеме жасап ақпарат тілшісі хабарлайды.
Қақтығыстар Ауғанстанның шекаралас аудандарында Иран шекарашылары мен «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қозғалысының күштері арасында орын алды.
Иран шекарашылары мен тәліптердің арасындағы қақтығыста екі ирандық шекарашы қаза тауып, екі шекарашы жараланды.
Қақтығыстар Ауғанстанның Нимроз провинциясының шекаралас аймақтарында болған.
Tasnim агенттігінің хабарлауынша, тараптар қақтығыстар кезінде атыс қаруын қолданған.
Иран полициясы қолбасшысының орынбасары генерал Қасем Резаи Ауғанстан аумағында Талибан тату көршілік нормаларын елемей, халықаралық ережелерді бұзып, Заболь шекара полкінің құрамында жұмыс істейтін «Сасули» Иран полиция бөлімшесіне оқ жаудырды деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ кейіннен Иранның Кабулдағы елшілігі мен «Талибанның» ресми өкілдері бұл оқиғаны тергеу үшін байланыс орнатқанын атап өтті.
Иран мен Ауғанстан арасындағы шиеленіс шекаралық өзендердегі суды иеленуге қатысты дауға байланысты ушыға түскен.
Айта кетсек, сенбі күні таңғы сағат 10:00-да Талибан күштері Ауғанстан территориясынан Иранның Заболь шекаралық полкіне қарасты Сасули базасына түрлі қарумен оқ жаудырды.
Иран тәртіп күштерінің шекарашылары оларға тойтарыс берді.


















