Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан шығады деген ақпаратқа Сыртқы істер министрлігі өкілі жауап берді.
Ақпараттық агенттіктерден осындай мәліметті оқып қалдым. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, — деді ол.
Айта кететін жайт, Армения осы ұйымнан шығуды талқылап жатыр.
Армения Ресейді өзінің қауіпсіздігінің кепілі деп санауды тоқтатты. Бұл туралы Пашинян мәлімдеді.
Украинадағы оқиғаларға байланысты Ресейдің мүмкіндіктері өзгерді, — деген болатын Пашинян.
Оның айтуынша, Ресейге қауіпсіздік кепілі ретінде сенуге болмайды.
Армения мен Ресей арасындағы қарым-қатынас соңғы жылдары, атап айтқанда, 2020 жылы Таулы Карабах соғысынан кейін Арменияға ҰҚШҰ қолдау білдірмегендіктен шиеленісті.



















