Дубайда әлемдегі алғашқы қалқымалы мешіт салынады.
Дубай әмірлігінің Ислам және қайырымдылық істері жөніндегі департаментінің мәліметінше, мешіт үш қабаттан тұрады.
Мешіттің бірінші қабаты су астында, екінші және үшінші қабаттары судың үстінде болады. Бірінші қабатында дұға оқитын зал, ал қалған екі қабатта исламдық дәрістер мен семинарларға арналған бөлмелер болады. Мешітте бір уақытта 75 адамға дейін сыяды.
Мешітке барлық ниет білдірушілер бара алады, ең бастысы, келуші лайықты киініп, мешіт әдептерін ұстануы керек.
Жобаның құны шамамен 15 миллион долларға бағаланған. Дубай үкіметі суда қалқымалы мешітті салу арқылы көптеген туристерді тартып, қажылық туризм секторын белсенді дамытуды көздеп отыр.
Дубай әмірлігінің Ислам және қайырымдылық істері жөніндегі департаментінің маманы Ахмед әл-Мансури сөзінше, мешіт келесі жылы ашылады.



















