АҚШ президенті Джо Байден БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңында бірқатар мемлекет басшыларымен, соның ішінде Орталық Азия елдерінің басшыларымен кездеседі.
Байденнің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанның айтуынша, 19 қыркүйекте Байден Бас Ассамблеяда жыл сайынғы үндеу жасайды және БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерришпен кездеседі.
Сондай-ақ Джейк Салливан «Президент сонымен қатар Орталық Азияның бес елі – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан президенттерімен кездесу өткізеді», – деді брифингте сөйлеген сөзінде.
20 қыркүйекте Байден бразилиялық әріптесі Луис Инасио Лула да Силвамен және Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен екіжақты кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.
Содан кейін АҚШ президенті Нью-Йорктен Вашингтонға оралады, онда 21 қыркүйекте Украина президенті Владимир Зеленскийді қабылдайды деп күтілуде.



















