Қырғызстан астанасы Бішкек қаласы сәрсенбі күні Бейжіңнен келген алғашқы рейсті салтанатты түрде қарсы алды.
Бұл туралы «Манас» әуе айлағының баспасөз қызметі хабарлады.
«Манас» халықаралық әуежайының хабарлауынша, Бішкектен ҚХР астанасына тұрақты жолаушылар рейстерін Airbus A320neo ұшағымен Қытайдың China Southern Airlines авиакомпаниясы жүзеге асырады.
Осы бағыт бойынша рейстер аптасына үш рет — дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері орындалады.
«Манас» әуежайының коммерция жөніндегі директоры Сатыбек Каныбековтың айтуы бойынша, жаңа рейспен Бейжің қаласынан Бішкекке 90 жолаушы келген.
Бішкек қаласынан Бейжіңге 150 жолаушы ұшқан.
Каныбековтің пікірінше, мұндай ынтымақтастық Бейжің мен Бішкек арасында сауда және инвестиция көлемін ұлғайтып, екі елдің авиациялық байланыстарының дамуына ықпал етеді.

















