Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (AТP) биыл Алматыда ATP 250 турнирін өткізу туралы шешім қабылдады.
Sportpress.kz сайтының мәліметінше, бұған дейін Астанада өтіп жүрген ATP 250 санатындағы турнир 2024 жылы тұңғыш рет Алматыда өтеді.
Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың айтуы бойынша, өткен ғасырдың 20-шы жылдары Қазақстан теннисі Алматы қаласында дамуына орай қала АТР 250 сериясымен өтетін турнирді қабылдау құқығына заңды түрде ие болды.
Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев эксклюзив сұхбаттарының бірінде Алматы қаласын «Қазақстан теннисінің астанасы» деп атады. АTP сайтында жарияланған күнтізбеге сәйкес, Almaty Open 2024 жылғы 13-20 қазан аралығында өтеді.
ATP 250 турнирі әлемнің 30 елінде ұйымдастырылады. Бұл сол елдердің басты спорт жарысының бірі саналады. ATP 250 санатына 40 турнир кіреді. Онда жеңімпаз атанған теннисшілер ATP тізмінде 250 ұпайға ие болады.



















