Иранның IRNA ақпарат агенттігі БРИКС елдерінің жаңа алғашқы купюрі нұсқаларының пайда болғанын хабарлады.
Олардың бірін Ресейдің Оңтүстік Африкадағы елшісі Илья Рогачев БАӘ-нің Оңтүстік Африкадағы елшісі Махш Саид Әл-Хамелиге табыс етті.
Дипломат Преториядағы БАӘ-нің елшілігінде өткен рәсім кезінде БРИКС елдерінің жаңа 100 номиналды банкнотын ұсынды.
Жаңа банкноттың бір жағында БРИКС-тің негізін қалаушы елдер — Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка елдерінің жалаулары, сондай-ақ мемлекеттердің рәміздері басылған. Ал, екінші жағында осы одаққа кіруге ниет білдірген елдердің рәміздері, оның ішінде Қазақстанның туы бар. Сондай-ақ «Жаңа БРИКС даму банкі» деген жазу бар.
Банкнот Ресей Федерациясында жасалған. Бұл валютаның мақсаты – мүше елдер арасындағы трансшекаралық ақша аударымдарын жеңілдету және АҚШ долларына тәуелділікті азайту.
Егер БРИКС сауда төлемдері үшін балама валюта қабылдауға шешім қабылдаса, АҚШ долларына ағымдағы тәуелділік табиғи түрде төмендейді.
Егер дамып келе жатқан елдер мұнайды осы валютамен саудалауға шешім қабылдаса, бұл АҚШ долларының өз тапшылығын ұстап тұру қабілетіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Қазіргі уақытта БРИКС тобына он бір мүше мемлекет кіреді.



















