Дағыстан Республикасының П. Гамзатова атындағы Бейнелеу өнері мұражайында «Шығыс өнері» атты көрме ашылды.
Еуразия Тудейдің Дағыстан Республикасының Мәдениет министрлігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, аталмыш көрмеге Қытай, Жапония және Иранның өнер туындылары қойылды.
Көрменің негізін XVI–XIX ғасырларға жататын фаянс және фарфор бұйымдары құрайды. Олардың қатарында Иранның Табриз бен Мешһед қалаларынан әкелінген табақтар мен тәрелкелер және жапон фарфорынан жасалған сәндік құмыралар бар.
Сондай-ақ, Иран керамикасы, Сефевидтер дәуіріне (XVII ғ.) жататын ою-өрнекпен безендірілген жұқа фаянс тостағандар мен Қаджарлар дәуіріне тиесілі ыдыс-аяқтар қойылған.
Сонымен қатар, көрмеге қытай суретшісі Ге Шаның графикалық еңбектері қойылған.
Көрме 1 наурызға дейін жалғасады.


















