Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Иран арасындағы еркін сауда аймағы туралы толық форматты келісімге 2023 жылдың желтоқсанында қол қою жоспарлануда.
Бұл туралы РФ Экономикалық даму министрінің орынбасары Дмитрий Вольвач «Еуразиялық экономикалық перспектива» XI халықаралық форумының пленарлық сессиясында мәлімдеді.
«Желтоқсан айында біз Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы толық келісімге қол қоюды жоспарлап отырмыз.
Бұл қолданыстағы қамтуды едәуір арттырып, оны тұрақтандырады. Бұл біздің өзара саудамызды айтарлықтай арттыратынына сенімдіміз», — деді Вольвач.
Сондай-ақ, Дмитрий Вольвач келесі жылы Мысыр елімен де еркін сауда аймағы бойынша қорытынды келісім жасау жоспарланып жатқанын айтты.
Айта кетсек, Санкт-Петербургте 28-29 қараша күндері «Еуразиялық экономикалық перспектива» XI халықаралық форум өтті.
Форумға қатысушылар Еуразиядағы халықаралық валюта-қаржы жүйесінің даму үдерістерін, энергетикалық жобалардағы жаңа келісімдердің әлеуеті мен басқа да мәселелерді талқылады.

















