Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддин мен ЕО-ның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі комиссары Джутта Урпилайнен 2023 жылғы 25 қазанда «Жаһандық қақпалар» форумы аясында Тәжікстанда кәсіптік білім беруді дамытуға 30 миллион еуро көлемінде қаражат бөлу туралы декларацияға қол қойды.
Тәжәкстан СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша бөлінген қаражат ауыл шаруашылығы, энергетика, жасыл және цифрлық индустрия сияқты экономиканың маңызды секторларында жастар мен әйелдерді жұмыспен қамту бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталады.
Бюджеттік қаржылық қолдау бағдарламасы техникалық және кәсіптік білім мен оқытуға жаңа заманауи элементтерді енгізу арқылы тұрақтылық пен жасыл көшуге ықпал етеді.



















