Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 31 наурызда өтетін муниципалды сайлауға соңғы рет қатысатынын мәлімдеді.
Бұл туралы Режеп Тайып Ердоған TÜGVA жастар ұйымының жиналысында айтты.
Yurt Gazetesi басылымының хабарлауы бойынша, Ердоған сайлау қарсаңында жасаған мәлімдемесінде бұл оның соңғы сайлауы екеніне тоқталып, билікте 2003 жылдан бері үзіліссіз жұмыс жасап келе жатқанын тілге тиек етті.
Түркия президенті 1 сәуірден бастап елде жаңа дәуір басталатынын айтты.
Режеп Тайып Ердоған өз мансабын 1994 жылы Ыстамбұл қаласының мэрі ретінде бастады.
2003 жылы алғаш рет премьер-министр болып сайланды.
Ол 2014 жылдан бері ел президенті лауазымында қызмет атқарып келеді. Ердоған 2018 жылы бұл қызметке қайта сайланды.
2023 жылы президенттік сайлауда жеңіске жеткен мемлекет басшысының өкілеттігі 2028 жылы бітеді.



















