Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Иран Президенті Масуд Пезешкианмен телефон арқылы сұхбатта дипломатияға жол ашу қажеттігін баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Иран Президенті Масуд Пезешкианмен телефон арқылы сұхбатта Иранның ішкі істеріне араласуды және Иранның аймақтағы бауырлас елдерді нысанаға алуын заңсыз деп санайтынын мәлімдеді.
Режеп Тайып Ердоған келіссөз барысында дипломатияға жол ашу қажеттігін қуаттап, Түркияның бұл бағытта күш салып жатқанын еске салды.
Ердоған Иранның ішкі істеріне сырттан қол сұғушылықты да, Иранның аймақтағы көршілес бауырлас елдерге бағытталған әрекеттерін де құптамайтынын жеткізді.
Президент Ердоған Түркияның өзі қатыспаған қақтығыстардан зардап шегіп отырғанын айтты.
Сонымен қатар, Түркия Президенті Әли Хаменеи мен жоғары лауазымды тұлғалардың қаза табуына, әсіресе Минабтағы мектеп оқушыларының өліміне байланысты көңіл айтты.
Ол Можтаба Хаменеидің жаңа Жоғарғы көшбасшы болып сайлануы аймақтағы бейбітшіліктің орнауына ықпал етеді деген сенім білдірді.
Масуд Пезешкиан Түркияның әуе кеңістігіне кірген зымырандардың Иран аумағынан ұшырылмағанын айтып, бұл оқиғаға қатысты жан-жақты тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.


















