23 жасқа дейінгі еркін күрес бойынша әлем чемпионатында Иран командасы алғаш рет әлем чемпионы атанды.
Еуразия Тудейдің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Албания астанасы Тирана қаласында 25-27 қазан аралығында 23 жасқа дейінгі жастар арасында еркін күрестен жарыс өтті.
Еркін күрестен өткен додада Иран командасы тамаша нәтиже көрсетіп, үш алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды.
Алтын медальды 79 келіге дейінгі салмақтағы Меһди Юсефи, 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Амир Хоссейн Фирузпур және 125 келіге дейінгі салмақтағы Амир Реза Масуми жеңіп алды.
Меһди Хажилуян 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль алды.
Қола жүлдеге 57 келіде бақ сынаған Әли Момени, 61 келіде Ибраһим Хари және 70 келідегі спортшы Аббас Ибраһимзаде қол жеткізді.
Командалық есепте Иран 158 ұпаймен бірінші, Жапония 102 ұпаймен екінші және Әзірбайжан 100 ұпаймен үшінші орынды иеленді.



















