Еуразия елдері парламенттері Иранда Палермо конвенциясының қабылдануын құптады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топқа (ЕАТ) мүше елдердің парламенттік өкілдері сәрсенбі күні Мәскеуде өткен отырыста Иран Ислам Республикасының Палермо конвенциясына қосылу туралы заң жобасын қабылдауын қолдады.
Иранның Экономика министрінің орынбасары және Қаржы орталығының басшысы Һади Хани бастаған делегация төртінші форумда ЕАТ-қа мүше елдердің парламенттері өкілдеріне Иран Ислам Республикасының ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі заңдар мен ережелерді әзірлеу және қабылдау бойынша қабылдаған шаралар кешенін таныстырды.
Сондай-ақ, Һади Хани Кеңестің Иран Ислам Республикасының Палермо конвенциясына қосылуы туралы заң жобасын қабылдағанын мәлімдеді.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топқа мүше елдердің парламенттік өкілдері осы шаралардың барлығын, әсіресе Палермо конвенциясының қабылдануын жоғары бағалады.
Айта кетейік, Иранның Экономика министрінің орынбасары және Қаржы орталығының басшысы Һади Хани бастаған Иран Ислам Республикасының делегациясы ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың 42-ші отырысына қатысу үшін Ресейге келді.


















