Иран пістелерінің Еуропалық Одақ елдеріне экспорты үш айда 17 пайызға артты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Еуропа Статистикалық орталығы 2024 жылдың алғашқы үш айында Иран Еуропа елдеріне 34 миллион еуро көлемінде пісте экспорттағанын мәлімдеді.
Еуропа Статистикалық орталығының дерегіне сүйенсек бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17 пайызға артқан.
Германия 2024 жылдың бірінші тоқсанында Ираннан пісте өнімдерін импорттаушы ең ірі ел атанды. Иран пістесінің Еуропаға 34 миллион еуро көлеміндегі жалпы экспортының 71 пайызы Германияға тиесілі.
Иран биылғы жылдың бірінші тоқсаны бойынша Еуропа елдеріне АҚШ-тан кейінгі екінші ірі пісте экспорттаушы ел болып табылады.
АҚШ – қазіргі таңда әлемдегі ең ірі пісте экспорттаушы.
Пісте Иранның әртүрлі аймақтарында өсіріледі. Иран пістелерінің ең танымал сорттары: керман, мирави, фандоқи, момтаз, охади, бадами, акбари және басқалар.


















