Сарапшы Абед Акбари еуропалық жауапты тұлғалар Иранның жаңа президентімен және СІМ басшысымен телефон арқылы сұхбаттарында тек Иранмен қарым-қатынасты дамытуға дайын екендіктерін атап өтуге тырыспай, ізгі ниеттерін іс жүзінде көрсетуі қажет дейді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Абед Акбари IRNA агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Халықаралық қатынас жөніндегі сарапшы дипломатиялық аппараттың ағымдағы кезеңдегі бірінші кезектегі міндеті аймақтағы көршілестер елдер екенін атап: «Иранның жаңа СІМ басшысы Аббас Аракчи соңғы күндері, әсіресе ұлттық БАҚ-қа және Жапонияның Kyodo ақпарат агенттігіне берген сұхбатында елінің сыртқы саясатын түсіндіріп, санкцияларды, әсіресе біржақты санкцияларды алып тастаудың маңыздылығын баса айтты. Аракчи елінің негізгі шарттарын тілге тиек етіп, байыпты, мақсатты және уақтылы келіссөз жүргізу қажеттігін айтты. Иран Сыртқы істер министрі ең алдымен көршілік саясатты нығайту және Батыс елдерімен сындарлы диалог жүргізу негіздеріне баса назар аударды», — деді.
Сарапшының айтуынша, Иран соңғы үш жылда, яғни 13-ші Үкімет кезінде Парсы шығанағындағы көршілес араб мемлекеттерімен, сондай-ақ, басқа да араб елдерімен қарым-қатынастың деэскалация процесі жақсарды. Бұл Қытайдың арағайындығымен Иран мен Сауд Арабиясы келісімі, БАӘ, Судан, Ливия және Тунисті қоса алғанда, басқа елдермен дипломатиялық қатынасты қалпына келтіруге жол ашқан бұрынғы Үкіметтің ең маңызды жетістігі болып табылады.
Халықаралық істер жөніндегі сарапшы: «Сондай-ақ, 13-ші Үкімет Күрдістан аймағының билігімен жоғары деңгейдегі келіссөз жүргізді. Арақчи мырза атап өткендей, ұлттық мүддені, ұлттық қауіпсіздікті, ұлттық қадір-қасиетті қамтамасыз ету сыртқы істер министрлігінің жаңа үкіметтегі үш негізгі миссиясы болып табылады», — деді.
Абед Акбари Иранның 13-ші Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынасқа тоқталып: «Иран Ислам Республикасы соңғы үш жылда Еуропалық Одақпен, сондай-ақ, Еуропа елдерімен қарым-қатынастың дамуын құптады, бірақ Еуропа Иран Ислам Республикасымен қарым-қатынасты дамытуда іс жүзінде өзінің ізгі ниетін көрсетпеді. Бұл әрқашан екіжақты қатынасқа үлкен зиян келтірді. Сол себепті Иран Ислам Республикасының Еуропалық Одақпен, сондай-ақ, кейбір еуропалық елдермен қарым-қатынасындағы ең маңызды мәселе қарым-қатынасқа деген сенімсіздік болып табылады. Атап айтқанда, Иран Ислам Республикасының осы одаққа деген сенімсіздігі», — деп сөзін жалғастырды.
Сарапшы Еуропалық Одақ АҚШ-тың Иран Ислам Республикасына қарсы дұшпандық саясатын іс жүзінде Тегеранмен қарым-қатынаста жүргізіп жатыр деп санайды.
Абед Акбари сөзін қорытындылап: «Иранның Батыс және Еуропамен қарым-қатынасты дамыту жөніндегі диалогы жаңа формада жүргізуді қажет ететін сияқты»,- деді.

















