Еуропалық үш ел Ирандағы тәртіпсіздікке қатысушыларды ашық қолдайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Ұлыбритания, Германия және Франция үкіметтері бірлескен мәлімдемеде Ирандағы тәртіпсіздіктер мен қарулы лаңкестерді ашық қолдады.
Америка Құрама Штаттарымен бірге иран халқына қарсы қатыгез және адамгершілікке жатпайтын санкция салған осы үш ел, иран халқын қолдайтыны туралы жалған мәлімдеме жасап: «Біз Ирандағы наразылық білдірушілердің өлтірілуін қатаң айыптаймыз», — деп мәлімдеді.
Ұлыбритания Премьер-министрі тәртіпсіздіктер мен оған қатысушыларды қолдай отырып: «Біз бейбіт наразылық білдіру құқығын жүзеге асыратын барлық адамды қолдаймыз», — деді.
Еуропалық Одақ өзінің интервенциялық мәлімдемесінде иран халқына жанашырлық пен қолдау білдіріп, қауіпсіздік күштерінің тәртіпсіздікке қатысушылар мен қарулы лаңкестерге қатысты батыл әрекеттерін айыптады.
Сонымен бірге, Америка Құрама Штаттары, сионистік режим және кейбір батыс елдері қолдайтын тәртіпсіздікке қатысушылар мен қарулы лаңкестер соңғы күндері көптеген жазықсыз адамдар мен қауіпсіздік күштерінің қызметкерлерін өлтіріп, мемлекеттік меншік пен азаматтарға айтарлықтай нұқсан келтірді.

















