Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) мәлімдеме жасап, Израильдің Иранға қарсы шабуылын айыптады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, ЭЫҰ кеше, 15 маусым күнгі мәлімдемесінде сионистік режимнің Иран Ислам Республикасына қарсы басқыншылығын айыптап, режимнің бұл әрекетін “Иранның егемендігі мен аумақтық тұтастығын айқын бұзу” деп атады.
ЭЫҰ мәлімдемесінің мәтіні төмендегідей:
Экономикалық ынтымақтастық ұйымының хатшылығы сионистік режимнің Иран Ислам Республикасына қарсы басқыншылық әрекетінен туындаған зорлық-зомбылық пен бейбітшілікке төнген қауіптің күшеюіне алаңдайды.
ЭЫҰ хатшылығы халықаралық құқықтың негізгі қағидалары мен БҰҰ-ның Жарғысы және ұйымға мүше ЭЫҰ хатшылығын қабылдайтын негізгі елдің бірі Иран Ислам Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын айқын бұзу болып табылатын режимнің әскери соққысын қатаң айыптайды.
Сондай-ақ, біз шабуылдардың салдарынан туындаған адам шығыны мен азаматтық инфрақұрылымдардың зақымдалуына байланысты Иран Ислам Республикасының халқы мен үкіметінің қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.
ЭЫҰ хатшылығы азаматтық нысандарға, соның ішінде көлік және энергетикалық инфрақұрылымға жасалған шабуылдар аймақтағы бейбітшілікке нұқсан келтіретінін және жаһандық тұрақтылыққа елеулі қатер төндіретінін ескертеді.


















