Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарынан мың жарымға жуық палестиналық көру қабілетінен айырылды.
Еуразия Тудейдің Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Газа секторына жасалған шабуылдар салдарынан мың жарымға жуық палестиналық көру қабілетінен айырылып, дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтардың жетіспеушілігінен төрт мыңнан астам адамның өміріне қауіп төніп тұр.
Газа секторындағы көз ауруханасының директоры Абдуселам Сабах жазбаша мәлімдемесінде Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан көру қабілетінен айырылған палестиналықтар мен басқа да өзекті мәселелер туралы жазды.
Сабах денсаулық сақтау саласы көз хирургиясында қолданылатын құрал-жабдықтарда елеулі мәселелерге тап болғанын айтып, көздің торлы қабық ауруларын, диабеттік ретинопатия, ішкі қан кету сияқты ауруларды емдеуге арналған хирургиялық қызметтердің бұзылғанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, көз ауруханасында бір рет қолданылатын 3 хирургиялық қайшы тұрақты қолданылады. Сабах бұл жағдай науқастардың өміріне қауіп төндіретінін және олардың сауығуына кедергі келтіретінін айтты.
Абдуселам Сабах: “Жарылыс салдарынан болған көз жарақаттарын емдеу үшін гелий мен жіңішке жіп сияқты медициналық құралдар қажет. Тиісті халықаралық ұйымдар бұл мәселені шешу үшін шұғыл шара қолданбаса, көз ауруханасы хирургиялық қызмет көрсетуді толығымен тоқтатуға мәжбүр болады”, — деді.



















