Газа секторындағы созылмалы аурулары бар науқастардың денсаулығы дәрі-дәрмектің өткір тапшылығынан ушығып отыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Газа секторында созылмалы аурулары бар науқастардың денсаулығы дәрі-дәрмектің өткір тапшылығымен, сондай-ақ, Израильдің шетелге шығуға шектеу қоюымен қиындап, шетелде ем қабылда мүмкін болмай отыр. Бұл туралы Палестина медициналық көмек қауымдастығының басшысы Мохаммед Әбу Афеш мәлімдеді.
Оның айтуы бойынша, қажет материалдардың жетіспеуіне байланысты ортопедиялық операциялар іс жүзінде толығымен тоқтатылған.
Сонымен қатар, Мохаммед Әбу Афеш Газа секторында 1200 палестиналық науқас дәрі-дәрмектің жетіспеуі және шетелге емделуге шыға алмау салдарынан көз жұмғанын баса айтты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесустың мәлімдеуінше, 2024 жылғы шілде айы мен 2025 жылғы 28 қараша аралығында Газа секторында 1092 науқас медициналық эвакуацияны күтіп қайтыс болды.
Газа денсаулық сақтау министрлігі эксклавтағы ауруханаларда дәрі-дәрмек қоры мен медициналық құрал-жабдықтың жетіспейтінін айтып, медициналық орындардың жабдықталуы күрт төмендегенін ескертті.
Газа секторында 10 қазанда күшіне енген атысты тоқтату келісіміне қарамастан Израиль режимі түрлі сылтаумен палестиналықтарға жүйелі түрде шабуыл жасап, эксклавқа дәрі-дәрмек пен медициналық құралдардың жеткізілуін шектеуді жалғастырып отыр.



















