Газа секторындағы онкологиялық ауруларға шалдыққандарға қызмет көрсететін жалғыз аурухана жанармай тапшылығына байланысты жабылды.
Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сионистік режимнің Газа секторын қоршап алуы жанар-жағармай мен электр қуатының тапшылығына әкеліп соқтырды, сондай-ақ су мен азық-түлік жеткізуге шектеу қойылды.
Министрліктің баспасөз хатшысы кімде қандай мөлшерде жанар-жағармай бар болса, жаралылар мен науқастардың өмірін сақтап қалу үшін ауруханаларға жеткізуін сұрады.
Газа секторындағы ауруханалар жарақат алғандарға лық толы. Алайда ауруханаларда жарақат алғандарды емдеуге дәрі-дәрмектер пен тиісті медициналық препараттар жоқ.
Түркия мен Палестинаның достық ауруханасы да жабылды.
Газадағы 35 аурухананың 16-сы, 72 амбулаторлық клиниканың 50-і тиісті мүмкіндіктің болмауына байланысты жабылған.
Палестинаның Денсаулық сақтау министрі өз мәлімдемесінде онкологиялық орталықтағы 70 науқастың жағдайы өмір мен өлім арасында екендігін айтты. Сонымен қатар аяғы ауыр әйелдердің де денсаулығына қатер төніп тұр.
Айта кетсек, Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігінің 1 қараша күнгі мәліметінше, 7 қазанда «әл-Ақса дауылы» басталғаннан бері сионистік режимнің шабуылдарынан қаза тапқандар саны 8 796 адамға жетті, оның ішінде 3 648 бала, 2 290 әйел бар. Ал жараланғандар саны 22 219 адамға жеткен.



















