Ирандық генерал-майор Мохсен Резаи елінің мүддесі толық қамтамасыз етілгенше Қарулы Күштер бармақтарын шүріппеден босатпайтынын баса айтты.
Иран ислам революциялық сақшылар корпусының Қасиетті қорғаныс жылдарындағы қолбасшысы және Жүйе Мүддесін анықтау алқасының мүшесі, генерал-майор Мохсен Резаи бұл туралы X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Резаи жазбасында: «Үш мәрте шегіністен кейін, соңында АҚШ-тың мақтаншақ президенті қайратты халықтың қарсылығы, айбынды Қарулы Күштер және Жоғарғы көшбасшының салиқалы да батыл басшылығының нәтижесінде Иран Ислам Республикасының 10 тармақтан тұратын жоспарын келіссөздердің негізі ретінде қабылдауға мәжбүр болды. Соған қарамастан, ел мүддесінің толық қамтамасыз етілгеніне көз жеткізгенше Қарулы Күштердің қолы шүріппеде қала береді».
Айта кетейік, Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Иранның Ұлттық қауіпсіздік Жоғары кеңесі де атысты тоқтату келісімін растағанын мәлімдеді. Кеңес Иран әлі де сақтық танытып отырғанын және Америка Құрама Штаттары тарапынан басқыншылық болса, дереу жауап беруге дайын екенін ескертті.

















