Антониу Гутерриш сионистік режим армиясының Газа секторындағы әл-Ахли ауруханасына жасаған шабуылын қатаң айыптады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Антониу Гутерриштің сионистік режим армиясының Газа секторындағы әл-Ахли ауруханасына жасаған шабуылына алаңдаушылық білдіргенін мәлімдеді.
БҰҰ өкілі: “БҰҰ Бас хатшысы сионистік режимнің Газа секторындағы денсаулық сақтау жүйесіне зиян келтірген әл-Ахли ауруханасына жасаған шабуылына алаңдаушылық білдірді”,- деді.
Айта кетейік, сионистік режимнің әскери ұшақтары 13 сәуір күні Газа секторының әл-Ахли (Әл-Моамадани) ауруханасына шабуыл жасап, жедел жәрдем ғимаратына екі зымыранмен соққы берді. Салдарынан осы медициналық мекеменің қабылдау бөлімі, зертханасы мен дәріханасына қатты нұқсан келді. Шабуыл салдарынан қалада жұмыс істеп тұрған аурухана жұмысын тоқтатты.
Сионистік режимнің бұл шабуылы халықаралық деңгейде айыпталды. Алайда, Израиль шабуылдан кейін қылмысын ақтауға тырысып, аурухананың әскери мақсатта пайдаланылғанын мәлімдеді.




















