Иран Ислам Республикасы Конституциясының Сақшылар кеңесінің баспасөз хатшысы Иранның саяси жүйесінің халық үшін маңызды екендігін атап өтті.
Бұл туралы Хади Тахан Назиф кеше, дүйсенбі күні Iran Press ақпарат агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатында мәлім етті.
Хади Тахан Назиф сұхбат барысында Ислам революциясының жеңісінен кейін Иранда жыл сайын дерлік сайлаулар өткізілетініне тоқталды. Ол сайлау барысындағы электронды жүйелерге тоқталып: «Елдің саяси жүйесі халық үшін таптырмас әрі бұрын-соңды болмаған рөл берді. Халықтың дауыс беруі барлық жерде тиімді. Елдің түкпір-түкпіріндегі президентті, парламент депутаттарын, қалалар мен ауылдық кеңестерді сайлау, тіпті көшбасшыны сайлау да халықтың қолында. Кейбір ағымдар әлемге Иран Ислам Республикасы жүйесінің бет-бейнесін басқалай көрсетуге тырысуда, алайда Иран Ислам Республикасы халық демократиясының тамаша тәжірибесіне ие»,- деді.
Иран Ислам Республикасы Конституциясының Сақшылар кеңесінің баспасөз хатшысы басқа елдерде сайлауды бақылау туралы түсіндіре келе: «Әртүрлі елдерде конституцияны қорғау және сайлауды өткізу әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Иранның да сайлау жүйесінде өз заңдары бар. Сақшылар кеңесі конституцияны қорғайтын мекеме»,-деді.
Хади Тахан Назиф Iran Press ақпарат агенттігінің тілшісімен сұхбат барысында конституция мен сайлауды қадағалайтын мекеме қатаң және ашық ережелермен заңға негізделуі және ешбір саяси топқа немесе ұйымға қатысы болмауы керек екендігін айтты. Сондай-ақ ол аталмыш мекеменің тәуелсіз болуы қажет екендігін де атап өтті.
Тахан Назиф сайлауды бақылау кімнің міндеті екендігіне тоқталды. Бұл жайында Иран Конституциясының 99-бабында: «Сақшылар кеңесі Эксперттер мәжілісінің сайлауы, президенттік сайлау, Ислам кеңесі мәжілісінің сайлауы мен сауалнамалар және референдумдардың өткізілуін бақылайды»-делінген.
Осы бап бойынша, сайлауды бақылау Сақшылар кеңесінің міндеті саналады. Сақшылар кеңесі 12 мүшеден құрылған.
Иран Ислам Республикасы Конституциясының Сақшылар кеңесінің баспасөз хатшысы халықтың Ислам кеңесі мәжілісінің 12 кезеңі мен Эксперттер мәжілісінің сайлауына қатысуы туралы: «Сайлау заң және құжатта сипатталған шарттар бойынша өтеді»,-деді.















