Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Джассим әл Будайви Эр-Риядтағы Иран Ислам Республикасының елшілігінде болып, Ибраһим Раиси мен оның серіктерінің қаза болуына байланысты көңіл айтты.
Еуразия Тудейдің Сауд Арабиясының SPA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, сейсенбі күні кешке Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Джассим әл Будайви Иран Президенті және үкімет делегация мүшелерінің қайтыс болуына байланысты көңіл айту үшін Эр-Риядтағы Иран елшілігіне барды.
Елшілікте Джассим әл Будайви Иран Ислам Республикасының Эр-Риядтағы елшісі Али Реза Энайятимен сөйлесті.
Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы осы оқиғада қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, кеңестің осы қиын жағдайда Иран үкіметімен және халқымен ынтымақтастығын тағы бір рет атап өтті.
Ибраһим Раиси жексенбі күні түстен кейін Шығыс Әзірбайжан провинциясында Qız qalası бөгетін ашу рәсімінен қайтқан сәтте апатқа ұшырады. Иран Президенті Ибраһим Раиси және оның жанында болған ресми тұлғалар апаттан қайтыс болды.
Тікұшақ ішінде Ибраһим Раиси, СІМ басшысы Хоссейн Амир Абдуллаһиан, Шығыс Әзірбайжан губернаторы Малек Рахмати, Тебриз қаласының жұма намазы имамы аятолла Мохаммад Әли әл Хашем, Президенттік қауіпсіздік бөлімшесінің қолбасшысы Сейед Маһди Мусави және тікұшақтың басқа да экипаж мүшелері болды.
Бұған дейін шетелдік көшбасшылар мен елшілер осы оқиғаға байланысты Иранға көңіл айтты.
БҰҰ-ның Нью-Йорктегі, Венадағы, Женевадағы және Лондондағы штаб-пәтерінде Раисидің қазасына байланысты тулар жартылай түсірілді.



















