Түркияның Анталия қаласында 16-18 ақпан күндері VI Халықаралық этноспорт форумы өтеді.
Dünya Etnospor Konfederasyonu хабарлауынша, 2023 жылы өткізілуі жоспарланған бұл форум осы аптада Анкара қаласында ұйымдастырылады.
Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының мәлімдемесіне сәйкес, бұл форум Түркияның Кахраманмараш қаласында былтырғы жылы ақпан айында болған жер сілкіністеріне байланысты кейінге шегерілген.
Биылғы жылы VI Халықаралық этноспорт форумы «Дәстүрлі спорт түрлерін жандандыру» ұранымен өтеді.
Форумның ашылу салтанатында Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Билал Ердоған сөз сөйлейді.
Форум кіріспе сөздерден кейін министрлер тобының қатысуымен жалғасады деп жоспарлануда.
Форумға Қазақстан, Жапония, Мексика, Катар, Моңғолия, Аргентина, Түркия, Тунис, Польша, Пәкістан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Румыния, Ресей, Түркіменстан, Грузия, Венгрия және Өзбекстан елдерінің ресми өкілдері, федерация өкілдері, зерттеушілер мен ғалымдар қатысады.
16-18 ақпан күндері форумда дәстүрлі спорт түрлерінің қысқа, орта және ұзақ мерзімді стратегиялары қарастырылады деп күтілуде. Форум аясында осы саланың мамандары дәстүрлі спорттың болашағын талқылайды. Сонымен қатар, форум барысында этноспорттың халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі және қаржылық ресурстар сияқты маңызды тақырыптар талқыланады.



















