ХАМАС басқыншылар салған қауіпсіздік дуалдары жобаларының сәтсіздікке ұшырағанын жариялады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша ХАМАС қозғалысы басқыншылар бұрын салған қауіпсіздік дуалдары жобаларының Палестина халқының қарсылығы алдында сәтсіздікке ұшырағанын, бұл сәтсіздіктің жаңа қауіпсіздік қабырғасының салынуымен қайталанатынын жариялады.
ХАМАС исламдық қарсыласу қозғалысы жексенбі күні мәлімдеме жасап: “Сионистік режимнің басқыншы кабинетінің Иорданиямен шығыс шекараларында қауіпсіздік дуалын салуға келісуі Палестина халқы мен олардың жеріне, қасиеттіліктеріне қарсы күннен күнге артып келе жатқан қылмыстары мен жабайылығының салдарларына қарсы иммунитет қалыптастыра алмайды. Керісінше, басқыншылардың қалашық салу жобалары Палестинаны азат етудің жалғыз тиімді жолы ретінде Палестина халқының қарсыласу жолындағы табандылығын арттырады.
Басқыншылар бұрын салған қауіпсіздік дуалдарының жобалары және Палестина халқының қарсыласуы мен ашу-ызасы алдында сәтсіздікке ұшырады. Бұл тек басқыншыларды қуып шығып, өздерінің тарихи құқықтарын қайтару арқылы ғана басылады. Біз сәтсіздік жаңа қауіпсіздік дуалының салынуымен қайталанатынын баса айтамыз.
Біз басқыншылардың жоспарлары мен олардың артып келе жатқан қылмыстарына қарсы біртұтас, мықты, араби және исламдық ұстаным қабылданып, экспансионизм мен аймаққа үстемдік етуден басқа мақсаты жоқ басқыншылардың отаршылдық жобалары мен жоспарларын жеңу үшін қысым жасауға шақырамыз” деп баса айтты.
Айта кетейік, Израильдің қауіпсіздік кабинеті Иорданиямен шығыс шекарада тосқауыл қабырғасын салуды мақұлдаған болатын.

















