Иранның жоғарғы көшбасшысы қару-жарақ пен зымырандардың ұшу қашықтығына қатысты мәселе тек Иран халқына қатысты екенін және АҚШ-ты алаңдатпауы тиіс екенін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи Америка Құрама Штаттары Иран зымырандарының қашықтығы мен түрлеріне байланысты алаңдамауы керектігін баса айып, оны мүлде олардың ісі емес деп атады.
Иранның жоғарғы көшбасшысы Тегеранның қорғаныс және қарулану мәселелеріндегі ұстанымын атап айтып: “Зымырандар жөніндегі талқылаулардың Вашингтонға қатысы жоқ”,- деді.
Хаменеидің айтуы бойынша, тежеуші күштерге ие болу – кез келген халық үшін қажетті әрі міндетті шарт. Ол мұндай қаруы жоқ ел қарсыластары алдында осал болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Хаменеидің пікірінше, Иран зымырандарының түрлері мен ұшу қашықтығын талқылауға Америка Құрама Штаттарының араласуына ешқандай негіз жоқ, себебі бұл мәселе тек Иранның ішкі ісі болып табылады және тек оның азаматтарына қатысты.

















